Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Мұндай қиындықтарың болмайды

28.10.2014 4045 0 пікір

Хазірет Фатима анамыз (р.а.) әлі сүттен арылмаған сәбиі хазіреті Хусейін ауырғанда таңға дейін көз ілмеді. Сәбиінің ауырғанына жүрегі қоса ауырған ана таң атқанша ұйқы көрмеді.

Таңға жуық хазірет Хұсейін ұйықтап кеткендей болған сәтінде Хазірет Фатима дереу жүгіріп барып таң намазын оқып алды. Осыдан кейін барып қана көзіне тығылған ұйқыға шыдамай ұйықтап кетті.

Мешітте таң намазын оқытқан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күнделікті әдетімен қызы Фатиманың үйіне бас сұқты. Хазірет Фатима анамыздың ұйықтап жатқанын көріп, әлі таң намазын оқымаған екен деп ойлады. Сөйтті де оны оятып:

«Уа, қызым Фатима! Пайғамбар қызымын деп таң намазын оқымай қоюшы болма! Мені хақ пайғамбар ретінде жіберген Аллаһқа ант етейін, намазды уақтылы оқымайынша, жұмаққа барам деп ойлама», - деп қалай болғанда да намазды орындамай қоюға болмайтындығын ескертті.

Хазірет Фатима: «Сүйікті әке, мен таң атқанша көз ілер болмадым, таң намазын оқып барып жаттым», - дегенінде Пайғамбарымыз оған: 

«Қызым, онда саған сүйінші хабар жеткізейін, ақыретте мұндай қиындықтарың болмайды», - деген-ді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру