Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Бірде-бір жақсылық жасамадым

19.09.2014 5317 0 пікір

Хазіреті Әли (р.а.) бірде өзінің қасында отырған кісілерге: «Мен ешкімге бірде-бір жақсылық пен жамандық жасамадым», - деді. Ондағы отырған кісілер кәдімгідей ыңғайсызданып қалды бұл сөзден кейін. «Бұ қалай, о не дегеніңіз? Жамандық жасамағаныңыз дұрыс қой. Бірақ, ешкімге жақсылық жасамадыңыз ба? Мына отырған біздер сіздің көп жақсылығыңызды көрдік», - десті хазіреті Әлиге қарап аң-таң болғандарын білдірісіп.

Сонда хазіреті Әли (р.а.) оларға: «Мен әрбір жасаған жақсылығымды өзіме жасадым», - деді де мына аятты оқи бастады: «Әлде кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе, о да өзіне. Сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар» («Жәсия» сүресі, 15-аят).

Түйін. Шынында жақсылық жасасақ та, жамандық жасасақ та өзіміз үшін. Кейде пендешілігімізге салынып түймедей жасаған жақсылығымызды түйедей көріп, оны міндетсініп жататынымыз тағы бар. Ал, жақсылығымызды тез ұмыту мұсылманға тән сипат екен. Бастысы жасаған амалымыз жақсы не жаман болсын Алладан қайтарын ұмытпасақ болғаны.   

Қайырбек Отызбаев, 
«Иманғали» орталық мешітінің
наиб имамы


Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру