Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Аятқа себеп ауызашар

08.07.2014 4288 0 пікір

Пайғамбар (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдаған Әли мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастайды. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келген жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты  «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауыз ашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға берді.

 Кейіннен осыған қатысты аят түсті:

«Олар уәдесін орындады. Ұзақ әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Алла тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та, ештеңе күтпейміз», – деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

 Құдайберді БАҒАШАР

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру