Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Адамдық қасиет

19.05.2014 6870 0 пікір

Иса пайғамбар (а.с.) бірде: – Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер? – дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз, әрине», –  деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Меніңше, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?» – дегенде, ол өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді: «Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу – ашылмаған жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең. Бұл – үлкен тәрбиесіздік», – деген еді. 

Құдайберді Бағашар

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру