Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАЛАЙЗИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ «Халал Даму» орталығы halaldamu.kz 02.06.2023 1269 0 пікір
МАЛАЙЗИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Малайзияға арнайы сапармен барған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Халықаралық халал оқыту және зерттеу институтының» басшысы профессор Азура Амид ханыммен кездесті.

Кездесуге Малайзиядағы Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы, аға дипломат Арсен Ануарбекұлы да қатысты. Кездесу барысында халал индустриясындағы ынтымақтастықты арттыру және мамандарды оқыту, т.б игі мақсаттар сөз болды.

Аталған халықаралық институттың ерекшелігі халал индустриясы бойынша Малайзиядағы бірден бір халықаралық орталықтың бірі. Қазіргі таңда жерде оқитын 500 ден астам студент бар. Институт арнайы 2 зертханамен қамтылған. Олар – ғылыми және оқыту базасын қамтамасыз ететін зертханалар.

Аталған халықаралық оқыту орталығы мен елден барған біздің делегация алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға келісті. Екі жақты екі ел ынтымақтастығы үшін, екі ел ортасындағы халал индустриясын дамыту үшін ортақ жұмыстар жасауға уағдаласты. Алдағы уақытта біздің мамандарды оқытуға жағдай жасайтын болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру