Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.09.2022 1717 0 пікір
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Батыржан Мансұров Мысыр Араб Республикасында өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысуда.

Тарихи шаһар – Мысыр астанасы Каир қаласында өтіп жатқан конференция тақырыбы – «Ижтихад – ғасыр талабы: оның ережесі, формасы, адамдары және қажеттілігі». Мысыр мемлекетінің Президенті Әбдел Фаттах әс-Сисидің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық маңызды жиынға мұсылман мемлекеттерінің Уақып министрлері, дін ғалымдары мен мәртебелі қонақтар қатысуда.

Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Берденұлы қатысып жатқан екі күндік конференцияда дін ғылымдары және қоғамдық ілімдердің заманауи мәселелері талқыланып жатқанын айта кеткен жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру