Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәскеуде халал өнімдер көрмесі өтті

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 11.02.2020 3678 0 пікір
Мәскеуде халал өнімдер көрмесі өтті

Мәскеу қаласында өткен 27-ші халықаралық «ПРОД ЭКСПО 2020»-ға арнайы шақырту алған ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков көрменің ашылу салтанатына қатысты.

Халықаралық халал өнімдер көрмесі ақпан айының 10-14 аралығында Ресей Мүфтилер Кеңесінің жанындағы халықаралық «Халал» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген РФ МДБ және Ресей Мүфтилер Кеңесінің бірінші орынбасары Р.Аббясов бүгінгі таңдағы халалдың маңыздылығы, мемлекет тарапынан халал индустриясын дамыту мен жетілдіруде көптеген көмек көрсетіліп жатқандығын атап өтті.

Халықаралық көрмеге Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь елдерінен тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеу, орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстыру мақсатында арнайы шақырылған делегаттар қатысты.

Жиын соңында әр елден келген делегаттар «Халал» стандарттау және сертификаттау орталығының куәлігіне ие болған мекемелердің өнімдерімен танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру