Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Газада 20 мың жұмыс орны ашылады

kazislam.kz 04.04.2019 3036 0 пікір
Газада 20 мың жұмыс орны ашылады

Таяу уақытта Газа секторында жаңа 20 мың жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу бойынша арнайы өкілі Николай Младенов мәлімдеді.

Ресми өкілдің айтуынша, БҰҰ мен серіктес ұйымдар осы мақсатқа 45 миллион доллар қаражат жиған. Жаңа жұмыстарын құруға Израиль, Палестина әкімшілігі және жеке секторлар ықпалдасады деп жоспарланған.

Жалпы Газаға көмек ретінде БҰҰ 110 миллион доллар жиып үлгерген. Бұл қаражат сектордағы денсаулық сақтау, жылу және сумен қамтамасыз ету жұмыстарына бағытталатын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру