Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: «Қайырымдылық дүкені» ашылды

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі 18.03.2019 2934 0 пікір
Семей: «Қайырымдылық дүкені» ашылды

Аягөз қалалық мешіті ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып «Қайырымдылық дүкенін» ашты. Қала әкімі Самат Серікұлы қасиетті Жұма күнімен жиналғандарды құттықтап, осы дүкеннің ашылуына атсалысқан ағайынға алғыс білдірді. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы:

«Дінімізде қайырымдылық жасау ізгіліктің,соның ішінде халқымыздың бойына сіңген қасиеттердің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» - деген жақсы сөз бар. Мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, адамдардың бір – біріне мейірімділік танытуы арқылы жақсылық жасалады. «Аз қамқорлық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз» - деген жақсы сөз бар» - деді .

Азанғали атамыз ақ батасын беріп:

«Адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту еткен, қолдан келген жәрдемін ұсынып, пейілдерін танытқан баршаға , бұл ата-баба аманаты осындай жақсылықтарды ұрпаққа жеткізе білейік» - деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру