Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарихи мешітті жөндеуге 1,2 млн еуро бөлінді

kazislam.kz 06.03.2019 2905 0 пікір
Тарихи мешітті жөндеуге 1,2 млн еуро бөлінді

Грекияның Лесбос аралындағы XVII ғасырда салынған мешіт ЕО аймақтық даму қоры бөлген қаражатқа жөнделетін болды.

Валиде Джами тарихи мешітін 1615 жылы Осман сұлтаны өз анасының құрметіне салдырған. Ғибадатхана Митилини деп аталатын аралдың түріктер тұратын бөлігінде орналасқан.

Ал ЕО-дан бөлінген грант негізінде 1,2 млн еуро осы тарихи мешітті қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалады. Өңделген ғимарат алдағы уақытта тарихи музей ретінде қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Greek Reporter.

Валиде Джами мешітінің мұнарасы араб архитектурасы стилінде қызыл тастан өрілген және сол қалпында сақталған. Жөндеу жұмыстары аясында мұнараның кем-кетіктері түзелетін болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру