Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАӘ 5G желісін іске қосты

kazislam.kz 05.03.2019 2754 0 пікір
БАӘ 5G желісін іске қосты

Біріккен араб әмірлігінде телекоммуникация қызметтерін ұсынушы du компаниясы өткен жұмада 5G желісінде алғашқы сеансты жүзеге асырғанын мәлімдеді. Ол елдің 700 нүктесіне 5G таратқан, деп жазады Islam.ru.

Жаңа технологияның енгізілуімен du тұтынушылары интернетке қосылудың рекордтық жылдамдығына қол жеткізеді. Айта кетсек, Huawei мен Nokia 5G желісін таратуда du компаниясымен әріптестікте жұмыс жүргізеді.

Әмірліктегі келесі телекоммуникациялық компания Etisalat өз тұтынушыларына биыл 5G желісін ұсынуға әзір екенін хабарлады. Бұл компанияда да 5G желісін ел аумағында қамту үшін арнайы инфрақұрылым бар екен. Енді тек жаңа байланыс стандартын қабылдайтын құрылғылардың шығуын күту ғана қалып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру