Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға темекі шегуге тиым салынды

kazislam.kz 29.01.2019 3773 0 пікір
Имамдарға темекі шегуге тиым салынды

Түркияда мешіт имамдарының темекі шегуіне тиым салынады, деп мәлімдеді Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Али Эрбаш. Бұл туралы түрік ақпарат көздеріне сілтеме жасап Trend хабарлады.

Басқарма төрағасының айтуынша, темекі шегу харам және дін өкілдері темекі өнімдерін қолданбауы тиіс. «Темекі шегетін адамдар мешіт имамы бола алмайды» деп атап өтті Али Эрбаш.

Али Эрбаш 17 қаңтар күні Түркияның Дін істері басқармасы атынан елдегі барлық имамдарға темекі өнімін қолданатын дін қызметкері қажылық кезінде топ жетекшісі бола алмайтыны туралы ескертпе жіберілгенін хабарлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру