Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ресей мен Түркия президенттері Сириядағы жағдайды талқылады

www.kazislam.kz 25.01.2019 2972 0 пікір
Ресей мен Түркия президенттері Сириядағы жағдайды талқылады

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кездесіп, Сириядағы қақтығысты реттеу жайын талқылады. Келіссөзде Путин АҚШ-тың Сириядан әскерін әкету жоспарын қолдайтынын білдірді.

Түркия президенті АҚШ Сириядан әскерін әкеткеннен соң аймақта туындайтын вакуумды террорлық ұйымдар пайдаланып кетуі мүмкін деп алайдайтынын айтты. Екі ел басшылары мұның алдын алу үшін қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты жалғастырып, қақтығыс тоқтатылған соң Сирияны қалпына келтіруге күш салуға уағдаласты.

Ердоған Ресей әскерилерімен бірге Сирияның Түркиямен шекарасында буферлі кеңістік құруды ұсынды.

Путин мен Ердоған сонымен қатар Идлиб провинциясындағы жағдайды реттеу қажетін де айтты. Қазір Идлиб провинциясының бір бөлігін «Хайат Тахрир аш-Шам» тобының күштері бақылауда ұстап тұр.

Сириядағы соғыс 2011 жылы басталған. Содан бері қақтығыстардан 400 мыңға тарта адам қаза тапты. 2018 жылдың соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы АҚШ әскерін шығаратынын жариялаған. Түркия АҚШ әскері Сириядан шықса елдің солтүстік-шығысындағы жағдай нашарлайды деп қауіптенеді. Бұл аймақтың бір бөлігін күрдтердің өзін-өзі қорғау жасақтары бақылайды. Анкара күрд жасақтарын терроршылар деп санайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру