Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабиясы рохинжалық мұсылмандарды елден шығарады

www.kazislam.kz 22.01.2019 2671 0 пікір
Сауд Арабиясы рохинжалық мұсылмандарды елден шығарады

Сауд Арабиясы 250 рохинжалық азаматты Бангладешке депортациялайды. Корольдік осымен екінші рет мұндай қадамға барғалы отыр, деп хабарлайды Al Jazeera.

Рохинжалықтарды азат ету бойынша коалицияның үйлестірушісі Най Сан Лвиннің мәліметінше, қазіргі уақытта Сауд Арабиясында 300 мың рохинжалық бар. «Олардың басым бөлігінде Сауд Арабиясында болуға, тұруға заңдық құқықтары бар. Алайда Жидда қаласында ұсталған рохинжалықтарға қылмыскер ретінде қарап отыр» дейді ол.

Құқыққорғаушы мамандардың айтуынша, Бангладеште қамауға алынған азаматтарға түрме жазасы немесе Мьянмаға депортациялау күтіп тұр. Ал бұл өз кезегінде өмірлеріне қауіп төндіреді, деп жазады Islam-today.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру