Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 06.06.2023 2424 0 пікір
ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен маусым айының 7-8 күндері өтетін Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы ІІІ республикалық байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

Алматы Орталық мешітінде өткен жеребе тарту рәсіміне ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы және төрешілер – Байкен мешітінің бас имамы Данияр қари Жұмабаев, Республикалық Бас мешіттің наиб имамы Серік қари Ахметов, үміткерлер мен қари ұстаздар, сондай-ақ байқау ұйымдастырушылары қатысты.

Маусым айының 7-8 күндері өтетін байқауда қари қыздар 5 пара, 10 пара, 20 және 30 параны жатқа оқудан бақ сынайды.

«Адамзаттың Ардақты Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болып келеді», - дейді Имам Муслимнен келген риуаятта. Осы байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келдіңіздер. Алатау аясын Алланың кәләмі қасиетті Құранмен әуелетуге келген қадамдарыңызға Алла Тағала мол сауаптан жазып, байқауымызға береке берсін! Баршаңызды жарысқа сақадай сай деген сеніммен сәттілік тілейміз», - деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы.

Айта кетейік, байқауға 62 қари үміткер ретінде тіркелген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру