Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.04.2023 1481 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған сапарында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесті.

«Қарағанды облысында 128 мешіт бар. Өңірдегі мешіттерде 191 дін қызметкері жұмыс істейді. Біз имамдар форумында әрқашан дін қызметкеріне қатысты құжат қабылдаймыз. Елордада өткен имамдар форумында «Зияткер имам» құжатын қабылдадық. Құжатты қабылдаудағы мақсат – білімді, тәжірибелі, жан-жақты білім алған имамдарды іріктеп, ортақ мақсатқа жұмылдыру. Ал орта білімді имамдардың білімін көтеру.

Дін қызметкерлерінің жан-жақты білім алуына барынша жағдай жасап отырмыз. Бұл игі істерімізге әкімдік тарапынан да қолдау көрсетілсе нұр үстіне нұр болар еді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы ас беру мен зират көтеруде ысырапқа жол бермеуге үндейтін «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттарын қоғамға барынша насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы бұл бағытта қажетті қолдау жасалатынын жеткізді. Кездесу соңында Бас мүфти мен облыс әкімі аймақтағы діни ахуалды талқыға салып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру