Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫДА «MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.04.2023 1598 0 пікір
ҚАРАҒАНДЫДА «MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «MUNARA TV» телеарнасының осы өңірдегі филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Бас мүфтиге студия жұмысы мен жаңа тележобалар жайлы баяндап берді.

«Өздеріңізге белгілі, мүфтияттың төл телеарнасы «MUNARA TV» арнасы бүгінде халыққа рухани телеөнімдерді ұсынып, ғибратты бағдарламаларды көрсетуде. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Қарағанды қаласынан филиалын ашып отырмыз. Бұл бөлімшеде әзірленген тележобалар халқымыздың рухани өміріне оң ықпал етеді деген сенімдемін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти студия жұмысымен танысып, ұжым қызметіне сәттілік тілеп, арнайы дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру