Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА: АҚ НЕКЕЛЕРІҢДІ БҰЗБАҢДАР (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.04.2023 1841 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА: АҚ НЕКЕЛЕРІҢДІ БҰЗБАҢДАР (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде жас отбасыларға уағыз айтты.

«Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 187-аятында ерлі-зайыптылар жайында: «Өйткені бір-біріңді қорғауда олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» деп баяндаған. Бұл аят ер мен әйелдің бір-біріне қаншалықты жақын екенін көрсетеді.

Шапағат пен мейірімнің үлгісі болған, барлық ісі жақсылық пен түсіністікке негізделген Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйелдердің құқықтарын аяқасты етпеңдер, Алладан қорқыңдар. Өйткені, сендер оларды Алланың аманаты ретінде алдыңдар» деп өсиет еткен. Сондықтан өмірдің өткінші сынақтары үшін ақ некелеріңізді бұзбаңыздар. Себебі ажырасу – Аллаға ұнамсыз іс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында Бас мүфти салтымызға сай сәбилердің құлағына азан шақырып, есімін қойып, жас отбасылардың бақыты үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру