Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АТЫРАУДА БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ 800 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.04.2023 1916 0 пікір
АТЫРАУДА БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ 800 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ғимаратында Дешті Қыпшақ даласынан шыққан даңқты бабамыздың 800 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА БАРЫСЫ – БЕЙБАРЫС СҰЛТАН» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Алқалы жиын Құран аяттарын оқумен басталып, ҚМДБ-ның тыныс-тіршілігін баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Одан ары ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы сөз алып, Бейбарыс бабамыздың Ислам тарихындағы және қазақ қоғамындағы орны туралы баяндады.

Конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей, Нұр-Мүбәрак университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, профессор Шәмшадин Керім, PhD доктор, шығыстанушы Палтөре Ықтияр, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп, сондай-ақ мысырлық докторлар Ахмад Мухаммад Али әл-Мысри, Ахмад Хасан Али Омар, түркиялық ғалым, профессор Женгиз Томар т.б ғалымдар Бейбарыс сұлтанның өмірі мен қызметі жайында ғылыми баяндама жасайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру