Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕШІТТЕРДІҢ БІРІНЕ ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІНІҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.12.2022 6084 0 пікір
МЕШІТТЕРДІҢ БІРІНЕ ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІНІҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ (ФОТО)

Бұл туралы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

«Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы мешіттердің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ.

Алла Тағала игі істерімізге мол сауаптан жазсын!» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру