Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ШЫҒЫСТАНУ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.12.2022 1964 0 пікір
«ШЫҒЫСТАНУ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, көрнекті ғалым, дипломат Әбсаттар Дербісәлінің 75 жылдығы және мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды.

Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР дипломатиялық қызметінің құрметті ардагері Рафия Дербісәлиева, сонымен қатар көрнекті шығыстанушы ғалымдар мен дін қызметкерлері, елшілер мен шетелден келген мәртебелі меймандар қатысуда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру