Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚОСТАНАЙДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.06.2022 2753 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚОСТАНАЙДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында орталық мешітте «Қарыз беру мен қайтару әдептері» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Қарыз беру мен оны қайтаруға қатысты әдептерді білмегендіктен, кейде білсе де дұрыс амалға асырмағандықтан адамдардың арасында реніш, өкпе, сенімсіздік, сыйластықтың бұзылуы сияқты келеңсіз жайттар орын алып жатады. Осыны терең түсінген ата-бабаларымыз: «Қарыз беру уайым емес, қайтарып алу – уайым», «Көшуден бұрын керуен басыңды сайла, қарыз алудан бұрын, береріңді ойла», «Қарыз қатынас бұзады» делінген даналық сөздерді айтқан.

Қасиетті Құранның ең ұзақ аяты болып табылатын «Бақара» сүресінің 282-аятының қарыз аяты болуы тегін емес. Бұл мұсылман адамның қарыз әдептеріне өте мұқият болып, оған бей-жай қарауына болмайтындығын білдіреді» деді.

Бас мүфти уағыз барысында қарыз алу мен берудің әдептерін егжей-тегжейлі айтып, ел игілігі мен бірлігі үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру