Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.06.2022 3722 0 пікір
ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Қоғаммен байланыс бөлімі ашылып, бөлім меңгерушісі қызметіне Нұрбек Есмағанбет тағайындалды.

Елордада өткен кезекті Аппарат жиналысында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұрбек Әуесханұлының діни саладағы біліктілігі мен тәжірибесін тілге тиек ете келе, бұл шешім Діни басқарманың қоғаммен байланыс бағыты бойынша жұмыстарына оң ықпал ететінін атап өтті.

«Өздеріңізге белгілі, қазір Діни басқарма қоғаммен байланыс бағыты бойынша жұмыстарға басымдық беріп келеді. Аллаға шүкір, Діни басқарма жанынан Ақсақалдар, Жастар, Сарапшылар кеңесі құрылып, жақсы жұмыс нәтижелеріне қол жеткізіп келеміз. Ендігі мақсат – осы сала бойынша іс-шараларды сапалы түрде ұйымдастыру. Осы мақсатта арнайы Қоғаммен байланыс бөлімін ашуға шешім қабылдадым» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Нұрбек Әуесханұлы бұған дейін Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру