Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АУДАН ӘКІМІМЕН ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 02.06.2022 1104 0 пікір
БАС МҮФТИ АУДАН ӘКІМІМЕН ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарында Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Бейсембайұлымен кездесті.

Кездесуде аудандағы діни ахуал талқыланды. Сонымен қатар, басқосуда жастарды жақсы істерге жұмылдыру, жас буын өкілдері арасында діни  ағарту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу сынды мәселелер сөз болды.

«Қарқаралы ауданында өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде еліміздегі мұсылман қауымын алаңдатқан өзекті мәселелер талқылануда. Игі іс-шарамызға қолдау көрсеткеніңіз үшін айрықша алғысымды жеткіземін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, кеңестің кезекті мәжілісінде бірқатар өзекті мәселелер, атап айтқанда, монополия үкімі, мұсылман емес кісіге тұрмысқа шығудың үкімі, биржада акцияны сатып алу және сату үкімі, құнды қағаздан зекет беру үкімі, АХАТ арқылы неке қиюдың шариғи үкімі сынды тақырыптарда әзірленген пәтуалардың мазмұны талқылануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру