Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

200 ИМАМҒА ЖАЛАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.05.2022 3233 0 пікір
200 ИМАМҒА ЖАЛАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кіші Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның 200 дін қызметкеріне берілетін жәрдемақы тағайындалғаны хабарланды. Бұл туралы Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай баяндады.

«ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфти еліміз бойынша жалақымен қамтамасыз етілмеген мешіт қызметкерлерінің нақты санын анықтап, олардың мәселесін шешуді тапсырған болатын. Осыған орай қазіргі таңда еліміз бойынша 800-ден астам дін қызметкері жалақы алмайтыны нақтыланды. Бас мүфтидің бастамасымен соның ішінде 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалып, сәуір, мамыр айларының еңбекақысы берілді» деп атап өтті Кенжетай Дүйсенбай.

Айта кетейік, еш жерден жалақы алмайтын, көпбалалы, жұмыс өтілі жоғары имамдарға ғана жалақы тағайындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру