Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ КАВКАЗ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚҰРМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 05.05.2022 2895 0 пікір
БАС МҮФТИ КАВКАЗ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚҰРМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  шақыруымен бүгін елімізге Кавказ мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы, шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде келді.

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайынан құрметті қонақтарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы дәстүрге сай күтіп алды.

Айта кетейік, 6 мамыр күні ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының қатысуымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Еске сала кетсек, бүгін түске дейін Түркістанға Түркия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әли Ербаш келген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру