Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МАРҚҰМ АРДАГЕР ИМАМНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛЫП, ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.05.2022 3160 0 пікір
БАС МҮФТИ МАРҚҰМ АРДАГЕР ИМАМНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛЫП, ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін, айт мерекесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер имам, өмірінің соңына дейін діни салада қызмет етіп, көптеген жанның намаз оқуына себепші болған дін қызметкері Қазыбек Нұрмағанбетұлының шаңырағында болып, марқұмның рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, отбасы мүшелерін айт мерекесімен құттықтады.

«Өздеріңізге белгілі, жұқпалы індет кезінде ел үшін аянбай қызмет еткен қаншама имамдарымыз да дүние салды. Бүгін «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен еліміз бойынша 50 марқұм имамның отбасына көмек жасалды. Мақсатымыз – ұлық болған айт мерекесі күндері қайғылы сәттерді бастан кешкен отбасыларды қуанышқа бөлеу. Өйткені, мұсылман мерекесі қайырымдылық істен басталады» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Қазыбек Нұрмағанбетұлы тәуелсіздік алған жылдардан бастап бұрынғы Ақмола облыстық, қазіргі «Сәдуақас Ғылмани» мешітінде азан шақырып, халықты имандылыққа үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру