Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ШӘМША БЕРКІМБАЕВАНЫҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.04.2022 3134 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ШӘМША БЕРКІМБАЕВАНЫҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры Шәмша Беркімбаеваның туыстарына көңіл айтты.

«Қаралы хабар біздің де жанымызға батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Алла Тағала алдынан жарылқап, рақымына бөлегей!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Шәмша Көпбайқызы өмірін ғылым мен білім саласы, ұрпақ тәрбиесіне арнады. Қарапайым ауыл мұғалімінен Қазақстанның Білім және ғылым министрі, Сенат депутатына дейінгі қызметтерді атқарды. Әсіресе 2000 жылдардың басында Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында ректор болып, осы оқу ордасының университет мәртебесін алуына себепкер болды. Табандылығының арқасында жоғары оқу орнын жаңа биікке көтеріп, басқа университеттермен терезесі тең дәрежеге жеткізді. Оның бұл саладағы өлшеусіз еңбегі ел есінде мәңгі қалмақ.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру