Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: БИЫЛ 68 МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 30.12.2021 2266 0 пікір
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: БИЫЛ 68 МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев баяндады.

«Бүгінгі таңда ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 2713 мешіт бар. Оның 19-ы – облыстық, аймақтық орталық мешіт, 394-і – қалалық мешіт, 178-і – аудандық мешіт және 2122-сі – ауылдық мешіт» деді Марат Жаппасбаев. Сондай-ақ еліміз бойынша жалпы 411 намазхана бар.

Айта кетейік, бүгінде Діни басқармаға қарасты 2713 мешіт пен 411 намазхана Google, Яндекс, 2Гис секілді электронды карталарға орналастырылып, мешіт атауымен бірге қойылды. Мүфтияттың ішкі masque.muftyat.kz электронды базаcына 2100 мешіттің толық мәліметі енгізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру