Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.12.2021 3375 0 пікір
БАС ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында екі күнге жалғасқан облыс бас имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар мәресіне жетті.

Семинардың алғашқы сабағы Бас мүфтидің дәрісімен басталып, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлының «Ислам құқығының қазіргі мәселелері» атты тақырыбымен жалғасты. Ал Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай қызметке жауапкершілікпен қарау, белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау тұлға болу сынды тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды. Сондай-ақ IT маманы Тимур Бектұр қазіргі әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы айтса, Н.Назарбаев орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Талғат Жақиянов «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі тенденциялар мен проблемалар» мәселесін көтерді.

Одан бөлек Н.Назарбаев орталығы төрағасының орынбасары Нұрлан Өмірзақұлы имамдардың қызметіне қатысты, ал Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Ислам тарихы жайлы қызықты дәріс өткізді.

Айта кетейік, екі күнге созылған семинар соңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы спикерлерге алғысын жеткізіп, облыс бас имамдарына арнайы сертификат табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру