Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАС ИМАМДАРҒА ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.12.2021 3138 0 пікір
БАС МҮФТИ БАС ИМАМДАРҒА ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордаға жылдық жұмысты қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісіне келген республикалық маңызы бар қалалар мен облыс-өңірлердің бас имамдарына дәріс берді.

«Уағыз айтудың әдебі мен имамның міндеті» тақырыбында дәріс оқыған Бас мүфти: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, адамға айтылар насихаттың уақыты мен орны болады. Насихат тәсіліне қатысты ескеретін жайт: халыққа айтар сөзімізді, яғни Ислам құндылықтарын үрейлендіріп емес, сүйіншілеп жеткізуіміз керек. Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисі бар екенін жақсы білесіздер. Насихат айту кезінде бұйрық раймен сөйлемеген абзал. Өйткені, тыңдаушылар арасында жасы да, жасамысы да болады. Насихат айтқан сәтте аудиторияның жас ерекшеліктерін де ескере жүргендеріңіз жөн» деп атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру