Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЖУРРУМИЯ МӘТІНІНЕ ТҮСІНДІРМЕ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.12.2021 3976 0 пікір
«ӘЖУРРУМИЯ МӘТІНІНЕ ТҮСІНДІРМЕ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ ғимаратындағы Абай кітапханасында «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Әжуррумия мәтініне түсіндірме» кітабының танытымы өтті.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрап Манапұлы, ҚМДБ Орталық аппаратының қызметкерлері және 19 өңірдің бас имамдары қатысты.

ҚМДБ Төрағасы өз сөзінде «MUFTIYAT» баспасынан биыл «Тәпсірлердің таңдаулысы» 4 томдық кітабы, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» еңбегі қазақ және орыс тілдерінде, ғылыми-теологиялық талдау негізінде жазылған «Толық адам» сынды жалпы саны 27 кітап 110 100 данамен жарық көргенін атап өтті. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы ғылыми бағыттағы «Қазақ тіліндегі діни сөздердің орфографиялық сөздігі», «Ислам энциклопедиясы» сынды жобалар аясында тиісті жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, «Әжуррумия мәтініне түсіндірме» кітабында араб тілінің сөйлем құрылымы, ерекшелігі және сөйлемді талдау тәсілдері түсіндіріледі. Кітапты құрастырып, түсіндірмесін жазған – «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстазы, арабтанушы Бекболат Бердімұрат.

Аталған оқу құралы араб тілін оқитын медресе шәкірттеріне, студенттерге, исламтанушылар мен араб тілін үйренгісі келген барша оқырмандарға арналады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру