Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.12.2021 4066 0 пікір
МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Елордадағы «Астана» медресе-колледжінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ІІ республикалық медресеаралық Құран Кәрім жарысы өтті.

Жарыс «Астана» медресе-колледжінің түлегі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерболат Шаудырбайдың Қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталса, кейін 9 медреседен келген 20 шәкірт өзара бақ сынасты.
«Қауам Ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабайұлы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Өсерханұлы мен ұстаз Мұртаза қари Ергенұлы жарысқа қатысушы үміткерлердің Құран оқу барысында жіберген қателіктерін саралап, өз бағасын берді.

Жарыс нәтижесіне келсек, 2 пара бойынша «Астана» медресесінің шәкірті Шоқтай Еділ 1-орынды жеңіп алса, Алматы облысы «Үшқоңыр» медресесінің шәкірті Құрманәлі Нұриман 2-орынға ие болды. Ал Алматы қаласы «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірті Жеңісұлы Кенжебек 3-орынды қанағат тұтты.

Сондай-ақ 5 пара бойынша бақ сынаған «Ақтөбе» медресесінің шәкірті Раушан Хабиболла бас жүлдені жеңіп алып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындаған Ұмра қажылығына жолдама алса, «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірті Дінасыл Қаражанов 1-орын иеленіп, ол да Ұмра қажылығына жолдама алды. Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресесінің намысын қорғаған Әбдуали Бейсенәлиев 2-орыннан көрінсе, «Үшқоңыр» медресесінің шәкірті Нұрым Басболат 3-орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Нұр-Сұлтан қаласы мен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Астана» медресесінің директоры Бақтыбай Қыдырбайұлы, сондай-ақ қатысушылардың Құран оқу мәнерін бағалаған қазылар қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру