Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИСЛАМ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.12.2021 2385 0 пікір
БАС МҮФТИ ИСЛАМ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы ресми сапарында Стамбұлдағы «Ислам зерттеу орталығының кітапханасын» аралады.

Бас мүфти кітапхана директорының орынбасары профессор Әділ Бормен арнайы кездесіп, елімізде салынатын Ислам академиясына қолдау көрсету, көне қолжазбалардың көшірмесін алу, сирек кітаптарды елге әкелу жағы сөз болды.

«Әрине, Түркия ислам тарихын сақтап, көне қолжазбаларды бүгінге жеткізуде көпке үлгі. Әрбір қаладағы кітапханасынан тарихи жәдігерге тап боласыз. Сан ғасырлық медресе, көне Құрандар, бірнеше жүз жылдықтың куәсі болған кітапханалар бар. Бұл кітапхананың біз үшін де орны ерекше. Өйткені мұнда Қазақстаннан келетін шәкірттердің де қарасы көп. Бұл ретте де біздің шәкірттерге деген қамқорлықтарыңызды жылы қабылдаймыз» деді Бас мүфти екіжақты болған кездесуде.

Кездесуде İSAM басшылығы академия жұмысынан бөлек Қазақстаннан келетін шәкірттердің ізденуіне, тарихи дүниелермен танысуына барынша көмектесетінін жеткізді.

Айта кетсек Ислам зерттеу орталығының кітапхана қорында бүгінде 350 мың кітап бар. Аталған орталықтың кітапханасында тек қана Шығыстану, Ислам ғылыми зерттеулері ғана емес Түркі жұртының тарихы, әдебиеті, мәдениеті мен әлеуметтік ғылымдары жайлы мол мұралар сақталған. Сондай-ақ, кітапханада атақты тұлғаларға тән жеке мұра қорлары да бар. Тағы бір маңызды тұсы 80 мың ғылыми мақаланың электронды нұсқасы әзірленген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру