Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАРАЛЫ ҮЙДЕ МАРҚҰМДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.11.2021 3442 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАРАЛЫ ҮЙДЕ МАРҚҰМДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы апат болған аймақ – Ақмола облысы Шортанды ауылына барып, қаралы үйде марқұмдардың рухына Құран аятын бағыштап, сабырға шақырды.

«Расында, адам баласы жаратылған сәттен бастап түрлі сынақтарды бастан кешіп келеді. Әрине, халқымыз айтқандай, «тас түскен жеріне ауыр». Болған іске болаттай берік болайық. Апат айтып келмейді. Ажалға амал жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы қайғыларыңызға ортақ. Еліміздегі мұсылман қауымы да марқұмдарға Жаратқаннан жарылқау тілеуде. Біз сіздерге әрқашан көмек беруге дайынбыз. Алла Тағала бұл сынақтың соңын жақсылыққа алмастырғай. Ауруханада ауыр хәлде жатқан жандардың дертіне Алла шипа берсін. Әмин!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.   

Айта кетсек, жуырда Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқыс оқиға 3 пәтерлі тұрғын үйде болған. Газ баллонының жарылуы салдарынан 3 пәтерлі жеке үй өртеніп, оның бір бөлігі құлаған. Үйінді астынан 3 адамның денесі табылды. Оның біреуі кәмелетке толмаған бала.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайғылы жағдайға байланысты марқұмдардың отбасына қаржылай көмек көрсетті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру