Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЕШІТ ЖАНАШЫРЛАРЫ МЕН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.11.2021 2300 0 пікір
БАС МҮФТИ МЕШІТ ЖАНАШЫРЛАРЫ МЕН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Мәшһүр Жүсіп мешітінің 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген игі іс-шарада мешіт жанашырлары мен жеті бағыт бойынша белсенді жұмыс істеген имамдарды мерекелік медальмен марапаттап, алғыс хатын табыстады.

ҚМДБ Төрағасы мешіттің қамқоршылар, ақылдастар алқасының мүшелеріне алғыс білдіріп, риясыз ризашылық ниетін жеткізді.

«Мұсылман үшін мешітте қызмет етіп, Алла үйінің ізгі ісіне үлес қосудан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын. Сіздер Мәшһүр Жүсіп мешітінің сауапты істеріне сүбелі үлес қосып келе жатқан жансыздар. Алла разы болсын! Алла игі істеріңізге мол сауаптан жазсын!» деді Бас мүфти.

Айта кетсек, Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылғанына 20 жыл толды. Сәулеті мен сәні жарасқан, қазақы нақышта салынған құлшылық үйі әлемдегі ең көрікті мешіттердің қатарына енген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру