Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 16.11.2021 2020 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия ғылымдарының докторы, профессор Орынбеков Мұханмадияр Серікбекұлының 75 жылдығына арналған «ДІНТАНУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ. ПОСТНОРМАЛЬДЫ КЕЗЕҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРС» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конфренцияның пленарлық отырысында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемдемесін жеткізді.

Секциялық мәжілісте «Тәуелсіздік жылдарындағы зайырлы қоғамның тұрақты дамуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үлесі» атты тақырыпта баяндама оқыған наиб мүфти: «Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарынан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрлі және зайырлы дінді ұстанып, толеранттылықты нығайтуға бағытталған жұмыстар атқарып келеді. 1992 жылы «Дін еркіндігі мен діни бірлестік» туралы заң қабылданды. Қазақстанда этносаралық қақтығыстардың алдын-алу жұмыстары қойылды. Осы орайда мүфтият бастамасымен бірнеше іс-шаралар өткізіліп, ел тыныштығы мен дәстүрлі дінімізді жаңғыртуға зор үлес қосып келеді. Бүгінде құрамында бірнеше бөлімді қамтитын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ихсан ілімін негізге алып, дін мен дәстүрді дәріптеуде ауқымды жұмыстар атқаруда», – деп атап өтті.

Сонымен қатар конференцияда Сенат депутаты Бекболат Орынбеков, Қалмақ мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры, философия ғылымдарының докторы Валерий Бадмаев, отандық профессорлар Ғарифолла Есім, Сәбит Мұратұлы т.б ғалымдар баяндама жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру