Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МИТРОПОЛИТ АЛЕКСАНДРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 01.11.2021 2570 0 пікір
БАС МҮФТИ МИТРОПОЛИТ АЛЕКСАНДРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александрмен кездесті.

Кездесуде дін басшылары Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті съезі, елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтудың маңызы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар тараптар адамгершілік құндылықтарды насихаттау жайлы пікірлерін ортаға салды.

«Бүгінде халықты ізгілік пен бірлікке, адамгершілік пен жақсылыққа шақыру маңызды істің біріне айналды. Бұл бағытта дін өкілдері де үлкен іс-шараларды жүзеге асыруда. Өйткені қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығына үлес қосу – баршамыздың  асыл борышымыз» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру