Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ – НАИБ МҮФТИ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.10.2021 7724 0 пікір
САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ – НАИБ МҮФТИ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті аппарат жиналысын өткізген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сансызбай Шоқановтың наиб мүфти қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.

«Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі қызметін сақтай отырып, қоғамдық негізде ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

«Сансызбай Құрбанұлының діни салада жинақтаған тәжірибесі мол. Өзіне жүктелген қызметтік міндетті сеніммен атқарып, жамағаттың бірлігін нығайтуға, пәтуа беру саласын жандандыруға үлес қосады деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру