Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ ИХСАН КІТАБЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.09.2021 2266 0 пікір
«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ ИХСАН КІТАБЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Зейін» оқырмандар клубы ҚМДБ Орталық аппаратының «Хәкім Абай» кітапханасында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын талқылады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген кітаптың мазмұнын Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Махамбет Искандеров таныстырып, құнды еңбектегі жастар үшін ең маңызды тақырыптарын түсіндіріп өтті. Жиын қатысушылары ниет, нәпсімен күрес, тәфәккур (терең ой), оқшаулану (хилует), білімнің маңызы, тәуекел, жалқаулықтан арылу сынды тақырыптарға жазылған пайдалы мәліметтермен танысты.

«Зейін» оқырмандар клубының белсенді мүшесі Сейдіғазым Надира жиында талқыланған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы жайлы: «Білімдерін бір арнаға тоғыстырып, осындай жаңа құнды еңбек жазған Ихсан кітабының авторлары алғыс білдіремін. «Зейін» клубының кітапсүйер оқырмандары осындай туындыны аса қызығушылықпен жылы қабылдадық. Ықылас, ниет, нәпсімен күрес, рух тазалығын тұла бойымызға сіңіре түсетін жан-дүниемізге азық болар туынды екендігін түсіндік. Осындай ғибрат алар туындылармен қоржынымыз тола берсін» деген лебізін білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру