Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.09.2021 2758 0 пікір
БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасында болып, марқұмның рухына қасиетті Құран аятын бағыштады.

«Алла Тағала Әбсаттар Бағысбайұлын рақымына бөлеп, артында қалған ұрпақтарына жар болғай. Хақ Тағала асыл дінімізді насихаттауда табанды еңбек еткен хазіретіміздің ізгі істеріне мол сауаптан жазғай» деп дұға етті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ғұламалар кеңесінің мүшелері, белгілі ғалымдар да Әбсаттар қажы Дербісәлі отбасына көңіл айтты.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына он жылдан астам төрағалық еткен Әбсаттар қажы Дербісәлі мүфтияттың дамуына сүбелі үлес қосты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру