Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИРАН ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.07.2021 2526 0 пікір
БАС МҮФТИ ИРАН ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының еліміздегі елшісінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин мырзаны қабылдады.

Кездесуде Әли Акбар Талеби Матин Қазақстанда әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін, діндер арасындағы достық пен өзара келісімді нығайтудағы рөлін айрықша атап өтіп, жылы пікірі мен ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар Иранда жыл сайын өтетін мәзһабтарды жақындастыру конгресінің жұмысына тоқталды.

Басқосуда Бас мүфти мен елші кеңесшісі ғылыми жобаларды жүзеге асыру, Ислам құндылықтары туралы кітап шығару, білім мен ғылым саласында ортақ іс-шараларды бірлесе атқару сынды бірқатар мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Әли Акбар Талеби Матин Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын алдағы уақытта Иранда өтетін мәзһабтарды жақындастыру конгресі мен халықаралық Құран жарысының мәртебелі мейманы болуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру