Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ШӘММАТ ИШАН» МЕШІТ-МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.06.2021 3169 0 пікір
БАС МҮФТИ «ШӘММАТ ИШАН» МЕШІТ-МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

Түркістан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқарма делегациясы Қарнақ ауылындағы «Шәммат ишан» мешіт-мұражайын аралады.

Әуелі делегация мүшелері осыдан екі мың жыл бұрын салынған мешіт тарихымен, құрылыс сәулетімен танысты. Одан кейін мешіт ауласында орналасқан мұражай жәдігерлерімен танысты.

Көне жәдігерлерді өмір бойы жергілікті тарих мұғалімі және археолог Бекташ Мирзаев жинаған екен.

Мұражайға әр дәуірдің қағаз ақшалары мен теңгелері, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, батырлардың қару-жарақтары қойылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру