Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «ЗЕКЕТ» ҚОРЫ АУРУХАНАЛАРҒА 255 ДАНА ОТТЕГІ ЖЕЛДЕТКІШІН ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.07.2020 4023 0 пікір
ҚМДБ «ЗЕКЕТ» ҚОРЫ АУРУХАНАЛАРҒА 255 ДАНА ОТТЕГІ ЖЕЛДЕТКІШІН ТАБЫСТАДЫ

Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

–Біз ел басына күн туғанда асарлатып, жылу жинап, қайырымдылық ісінде шет қалмаған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырып, жамағат пен демеуші азаматтардың көмегімен 255 дана оттегі желдеткішін еліміздегі ауруханаларға жеткізді. Діни басқарманың мұрындық болуымен 200 000-нан астам отбасыларға азық-түлік, 42 000-нан астам медициналық бетперделер таратылды, - деді Бас мүфти.

Бұған дейін аталған баспасөз брифингінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының биылғы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталғанын хабарлаған болатынбыз.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру