Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ЖАНАЗА ЖӘНЕ ҚҰДАЙЫ АС ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕНІ ТАНЫСТЫРДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.07.2020 10907 0 пікір
ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ЖАНАЗА ЖӘНЕ ҚҰДАЙЫ АС ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕНІ ТАНЫСТЫРДЫ

Елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров еліміздің мұсылман қауымына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 коронавирусі кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдемесін таныстырды.

 

Жаназа намазына қатысты талаптар:

– Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуы;

– Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуы;

– Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау;

– Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспау;

– Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтау;

– Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жуу;

– Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау;

– Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспау;

– Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтау;

– Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару;

– Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер мен әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;

– Қонақ асын өткізбеу;

– Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелу.

 

Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптар:

– Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелу;

– Бір ғана діни қызметкердің қатысуы;

– Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтау.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру