Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

6 ЖАСАР ЖІГЕРДІ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖҮЗДЕСУ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 31.05.2020 4329 0 пікір
6 ЖАСАР ЖІГЕРДІ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖҮЗДЕСУ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында Мұнайлы ауданындағы 6 жасар Жігер Берікбайұлымен кездесті. Зерек баламен сұхбаттасып, оны мақтау қағазымен марапаттап, сыйлығын табыстады.

«Бүгінгі заманның нағыз батыры – өзіңдей білімді балалар. Жақсы оқып, ата-анаңды қуантып, елге еңбегіңді сіңір. Қатарыңның алды бола бер. Тәрбиелі, иманды азамат болып, ата-анаңның, туған-туыстарыңның мерейін үстем ет. Алла жар болсын», - деп игі тілегін жеткізді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Мұнайлы ауданында әлемнің 200-ден астам елі мен олардың астаналарын жатқа білетін дарынды бала тұрады. 6 жасар Жігер Берікбайұлы елдердің мемлекеттік туын дөп көрсетіп, президентін, валютасы мен қысқаша тарихын мүдірмей айтады. Ол мұның бәрін карантин кезінде жаттап алыпты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру