Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Маңғыстау облысының баспасөз қызметі 26.11.2019 2897 0 пікір
ҚМДБ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев Маңғыстау облысына барған сапарында ақтаулық жамағатқа уағыз айтты.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жамағатқа ҚМДБ қызметкерін таныстырып, айтылар уағыздың маңыздылығын атап өтті.

Жамағатқа жұма намазы алдында «Шынайы достық» тақырыбында уағыз айтқан Бейбіт Әліпбекұлы: «Алла Тағала адам баласын бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Әрбір адамға қуанышы мен қайғысын бөлісетін, шерін тарқататын, мұңын шағатын, іс түскенде ақылдасатын дос керек. Сол үшін  халқымыз «Адамның күні адаммен» дейді. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Сондықтан жақсы достың адам өмірінен алар орны ерекше. Ол – адамның айнасы. Алла Тағала «Хужурат» сүресінің 10-аятында: «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр», – деген.  Мұсылман үмбеті қай кезеңде болмасын бір-біріне бауыр. Жоғарыдағы аятта мұсылмандар арасында ешқашан дұшпандық, талас-тартыс, жеккөрушілік, төбелес сынды оғаш әрекеттерге орын жоқ екендігі баяндалған», – деді.

Намаздан кейін дұға жасалып, бата берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру