Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт оқылды

http://muslim.kz/ 24.11.2019 3571 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт оқылды

Қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Күндердің сұлтаны болған жұмадағы Мәуліт мерекесі жамағатты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйікті жемісі – құрмамен қарсы алып, сауапқа толы қалта қағаздарын сыйлаумен басталды.

Сауапқа толы дейтін себебіміз – жамағатқа жаппай үлестірілген бұл қалта қағаздарында ардақты Алла Елшісіне деген салауат мәтіні жазылған.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Расында, Алла және періштелер Пайғамбарға салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер», – деп бұйырады. Ал, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі: «Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген екен.

Жұмаға жиылған жамағатқа Бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ардақты Пайғамбарымыз туылған мәуліт айының қадір-қасиетін айтып өтіп, мәуліт жырының маңызына тоқталды. Бұдан соң Бас мешіт қызметкерлері, қос қари Жұманазар Садырханов пен Ерлан Базарбайұлымен бірге Мәуліт жырын оқып, сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар жолданды.

Алып мешіттің ішін мүміндердің риясыз айтқан салауаттары мен Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігі толтырып, Мәуліт мерекесінің шуағы жайыла түсті. Жамағатпен бірге жасалған дұға да еліміз бен жеріміздің амандығын сұрап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты нәсіп болуын тілеумен аяқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру