Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ОҚЫП БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 22.11.2019 2940 0 пікір
БАС МҮФТИДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ОҚЫП БЕРДІ (ФОТО)

Нұр-Сұлтан қаласы «С.Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан Татарстанның Болғар қаласында «Отандық діни құқықтық мектепті қайта жаңғырту мен дамыту аясында исламтану зерттеулерінің тәжірибесі» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференцияда сөз алған Бауыржан Есмахан ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың:

«Мұндай шаралар біздің бауырластық байланыстарымызды нығайтады. Теологиялық мектептің, оның ішінде отандық мектептің жандануы мен дамуы ислам қағидаларын одан әрі таратудың маңызды аспектісі болып табылады. Жастарды ата-бабаларымыз мұраға қалдырған рухта тәрбиелеу арқылы біз дініміздің алғашқы табиғатын, өскелең ұрпақты деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтай аламыз. Алла Тағала осы кездесуді жемісті етіп, асыл дінімізге, барша әлем мұсылмандарына пайдасын тигізсін! Елдеріңізге бейбітшілік, отбасыларыңыз бен туыстарыңызға амандық тілеймін! Жаратқан Иеміз дұғаларымызды қабыл етсін!» - деген құттықтау сөзін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру