Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда еріктілер форумы өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 31.05.2023 1223 0 пікір
Павлодарда еріктілер форумы өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Қайырғалиев Павлодар облысында өткен өңірлік еріктілер форумына қатысты.

Аталмыш форум «Қайырымдылық жаршылары» тақырыбында өтті. Форумға қала, аудан мешіттеріне ресми тіркелген еріктілер қатысты.

Форумды бірінші болып сөз алған Мақсатбек Мақсотұлы еріктілер қозғалысының мақсаты туралы, Волонтерлік қызмет туралы заң 2016 жылы қабылданып, еріктілер қозғалысының кең қанат жаюуына септігін тигізгені туралы айтты. Сонымен қатар қазір мұндай ұйымдардың саны 200-ден асқанын, олар бүгінде ірі қалалар мен ауылдарда қайырымдылық іс-шаралардың басы-қасында жүргені туралы түсіндірді.

Келесі кезекте сөз алған Еріктілер қозғалысының басшысы Нұрбек бауырымыз еліміздегі еріктілер ұйымдарының қызметі көбінде әлеуметтік мәселерге, жануарларға қамқорлық көрсетуге бағытталғанын, үлкен-үлкен іс-шаралар кезінде олардың белсенді жұмылдырылғаны (ковид, екібастұздағы апат т.б.), ұлттық бағыттағы волонтерлік қызмет те кең қанат жайып келе жатқаны, ел билігінің волонтерлер қозғалысын қолдауы, жастардың өмір мектебінен өтіп, әлеуметтік жауапкершілік жүгін көтеруге тәрбиелей бастағаны туралы айтты.

Сонымен қатар форумға қатысушы еріктілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Келешекте осы бағытты дамыту жоба, жоспарларды әңгімелесті. Соңында ерекше көзге түскен белсенді еріктілерге Алғыс хаттар табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру